Иран Президенті Масуд Пезешкиан Абу-Дабиде өткен RoboCup Asia-Pacific 2025 жарысында жеңіске жеткен ирандық дарынды оқушыларды құттықтады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Масуд Пезешкиан жас жеңімпаздарды, олардың отбасыларын, тәлімгерлерін және барлық ұйымдастырушыларды осы ерекше жетістікпен шын жүректен құттықтап: “Әрине, бұл елеулі жетістік құрметті оқушылардың құнды күш-жігерінің, отбасыларының қолдауының және еліміздің балалардың дарынына сеніп, олардың табысқа жетуіне жол ашқан тәлімгерлер мен мұғалімдердің адал еңбегінің жемісі болды.
Осы күш-жігер мен қолдау жалғасын тапқан жағдайда Иран аймақтағы және әлемдегі робототехника, жасанды интеллект және соңғы технологиялар саласындағы ықпалды орталықтардың біріне айнала алатынына сенімдімін”,- деді.
Айта кетейік, RoboCup Asia-Pacific 2025 жарысының сегізінші кезеңіне 22 елден 700-ден астам қатысушы қатысты. Ауқымды додаға 8 оқушыдан тұратын Иран командасы қатысып, робототехниканың әртүрлі саласында тамаша өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды.


















