EADaily агенттігі Ресей президенті Владимир Путиннің америкалық танымал журналист Такер Карлсонға берген сұхбаты бойынша сауалнама жүргізді.
Агенттіктің сауалнамасына қатысқан оқырмандардың төрттен бірі Такер Карлсонның Ресей басшысы Владимир Путиннен алған сұхбаты Батыстың Ресейге деген көзқарасын өзгертетініне сенімді.
Сауалнама 2024 жылдың 12-15 ақпан аралығында жүргізілді.
Сауалнамаға қатысушылардың 6 пайызы «Мен білмеймін» деген жауап нұсқасын таңдаған. Ал, 37 пайызы Путиннің сұхбаты Батыстың Ресейге емес, Такер Карлсонның өзіне деген көзқарасын өзгертетініне сенімді.
Еске сала кетсек, америкалық журналист Такер Карлсон Ресей президенті Владимир Путиннен сұхбат алды. Екі сағатқа созылған сұхбаттың толық нұсқасы 9 ақпан күні жарияланды. Путиннің бұл сұхбаты тарихи деп сипатталды. Такер Карлсонның Ресей президенті Владимир Путинмен сұхбатына бүкіл әлем реакция білдірді. Батыс Такер Карлсонның Мәскеуге келуін қолдамады.



















