Бейсенбі, тамыздың 15 күні Қатар астанасы Дохада Газа секторында атысты тоқтату және кепілге алынғандарды босату жөніндегі келіссөздердің кезекті кезеңі басталды.
Еуразия Тудейдің Sky News Arabia агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Хамас басшылығы бұл келіссөздерге келмеді. Бірақ арағайын елдер келіссөзерден кейін Дохада Хамас келісімгер тобымен кеңесуді жоспарлап отыр. Келіссөздерге Моссад барлау қызметінің басшысы Дэвид Барнеа, «Шин-Бет» қауіпсіздік бөлімінің басшысы Ронен Бар, Нетаньяхудың кеңесшілері мен Израиль қорғаныс күштерінің өкілдері, ал Вашингтоннан АҚШ Орталық барлау басқармасының басшысы Уильям Бернс пен АҚШ-тың Батыс Азиядағы арнайы өкілі Бретт Макгерк қатысуда.
Қатар Мемлекетінің Премьер-министрі – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнидің төрағалығымен басталған Газада бітімге келу және кепілге алынғандарды босату жөніндегі жаңа келіссөздерге Хамас қатысудан бас тартты.
Хамас өкілі Израильмен жалған келіссөз жасағысы келмейтінін мәлімдеп, сионистік режим келіссөз жасағысы келгенімен, соғысты одан әрі жалғастыратынын баса айтты.
Вашингтон Газадағы атысты тоқтату туралы келісім аймақта соғыс қаупін азайтады деп үміттенеді. Сонымен қатар, Ақ үй Израильді қолдауға бағытталған әскери кемелер, сүңгуір қайықтар мен ұшақтар Хамастың келісімге келуіне әсер етеді деп санайды.



















