Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында “Ұлы Дала тарихы Иран деректерінде” атты көрме ашылды.
Еуразия Тудейдің Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, аталмыш көрмеге Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрлігінің мұрағаттарынан табылған 27 ежелгі парсы қолжазбасының көшірмелері қойылған.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан “Ұлы Дала тарихы Иран деректерінде” атты көрменің ашылуына дейін оны тамашалады.
Құжаттар Иран Президенті Пезешкианның Астана қаласына ресми сапары аясында берілген болатын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тарихи материалдарды өте құнды сыйлық деп бағалады.
Қолжазбаларда Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, Тәуке мен Әбілқайыр хандардың Иран шахтарымен дипломатиялық байланыстары мен Түркістандағы саяси ахуал, Қазақстан аумағындағы көмір, темір, мыс, қорғасын және бирюза кеніштерінің табылып, оларды өндіру мәселесі баяндалған.
Көрмеге келушілер Қазақстан мен Иранның ортақ тарихындағы маңызды түпнұсқа деректермен, бірегей архивтік материалдармен таныса алады.


















