Иран мен Ресей арасындағы туристік визалардың жойылуынан кейін ресейлік туристердің алғашқы тобы Иранға келді.
Иран астанасындағы әуежайға келген ресейлік туристер Иранның солтүстік провинциясының Бабольсер қаласына бет алды.
Мазендеран провинциясының Мәдени мұра, қолөнер және туризм басқармасының бас директоры Садеқ Барзегар мәліметінше, Бабольсер қаласынан басталған ресейлік туристер сапары төрт күнге жалғасады.
Бұл топ Иранның бірқатар қалаларын араламақшы.
Еске сала кетсек, 22 қыркүйекте визасыз режим бағдарламасы аясында Ираннан алғашқы туристер тобы Минеральные Воды қаласына барған болатын. Осылайша Ресей Федерациясы визасыз келген алғашқы Иран Ислам Республикасының туристер тобын қабылдады.


















