«Иннопром» халықаралық өнеркәсіп көрмесі 2025 жылы Минскіде өтетін болды. Бұл жөнінде Беларусь Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Михаил Мятликов мәлім етті.
Астанада ЕАЭО елдері үкімет басшыларының қатысуымен «Иннопром. Қазақстан» халықаралық көрмесі өтті. Астанаға «Иннопром» халықаралық өнеркәсіп көрмесіне Беларусь делегациясының құрамымен келген Михаил Мятликов аталмыш көрмеде 32 Беларусь кәсіпорны өз өнімдері мен технологияларын ұсынғанын айтты.
Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин «Экспо» аумағындағы халықаралық көрмені аралап шықты.
Сондай-ақ іс-шараға Беларусь премьер-министрі Роман Головченко, Қырғыз Республикасының министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров та келді.
Көрмеде 12 мың шаршы метрден астам аумақта тақырыптық бөлімдер бойынша 300-ден астам компанияның өнімдері ұсынылған. Олардың ішінде: медициналық жабдықтар мен бұйымдар, химия өнеркәсібі, металлургия, өнеркәсіптік IT, машина жасау, құрылыс индустриясы және жиһаз өнеркәсібі, энергетикалық машина жасау және жеңіл өнеркәсіп бар.
Айта кетсек, Астанадағы «Иннопром» халықаралық өнеркәсіп көрмесі 25-27 қыркүйек аралығында өтті.



















