Татарстан Раисы Рустам Миннихановтың Иранға мемлекеттік сапары барысында Иранның Теһран мен Исфаһан қаласында ресми кездесулер мен іскерлік келіссөздері жоспарланған.
Иранның Қазан қаласындағы Бас Консулдығының мәліметінше, Татарстан Раисы Рустам Минниханов бірқатар министрлер мен кәсіпкерлерден тұратын делегацияны бастап, Иранға ресми сапармен барды.
Кеше, 13 ақпан күні IRNA агенттігіне берген сұхбатында Давуд Мирзахани Татарстан Раисы Рустам Миннихановтың Иран президенті Ибраһим Раисимен кездесетінін айтты.
Иранның Қазан қаласындағы Бас консулының айтуы бойынша, Рустам Минниханов сапар барысында Иранның Мұнай министрі Джавад Оуджи, Өнеркәсіп, тау-кен және сауда министрі Аббас Алиабадимен кездеседі.
Татарстан Раисының Исфаһанға сапары барысында провинция губернаторы Реза Мортазавимен кездесуі жоспарланған.
50 адамнан тұратын Татарстан делегациясының Иранға сапары аясында Исфаһанның Сауда-өнеркәсіп палатасында Исфахан-Татарстан іскерлік форумы өтеді деп күтілуде.
Іс-шарада екі елдің сауда-экономикалық және өнеркәсіп әлеуеті таныстырылады.
Давуд Мирзаханидің пікірінше, екі ел арасында сауда-экономикалық, білім мен ғылым, туризм және мәдениет саласында ынтымақтастық үшін зор әлеует бар.

















