Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Иран Президенті Ибраһим Раисидің жуық арада Түркияға ресми сапармен келетінін хабарлады.
Хакан Фидан Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Бас Ассамблеясында Сыртқы істер министрлігі мен оған қарасты ұйымдардың 2024 жылға арналған бюджеті туралы сөйлеген сөзінің соңында Иран Президенті Ибраһим Раисидің жақында Анкараға келетінін айтты.
Айта кетейік, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 13 қарашада Иран Президенті Раисидің 28 қарашада Жоғары деңгейдегі ынтымақтастық кеңесінің 8-ші отырысына байланысты Анкараға сапармен келетінін хабарлаған болатын.
Алайда Раисидің сол күнге Анкараға жоспарлаған сапары жүзеге аспады.
Кейін Иран СІМ Амир Абдоллаһиян Президент Ибраһим Раисидің Түркияға сапарының кейінге шегерілу себебін хабарлады.
Абдоллаһиян Иран Президенті Раисидің Анкараға сапарының кейінге шегерілу себебін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Газа секторындағы жағдай және осы жерде атысты тоқтату бітімі үдерісін жалғастыру туралы отырысымен байланыстырды.



















