Татарстан 2025 жылы Иранда сауда өкілдігін ашуды жоспарлап, Үндістанда да өкілдік ашу мүмкіндігін зерттеуде.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Татарстанның Индустрия және сауда министрі Олег Коробченко министрліктің алқа мәжілісінде мәлімдеді.
Коробченко: “Татарстанның Беларусьтегі өкілдігі 2024 жылы жұмысын қайта бастады. 2025 жылы Иранда өкілдік ашу жоспарлануда. Сонымен қатар, Үндістанда өкілдік ашу мүмкіндігі де зерттелуде”, — деді.
Министрдің айтуынша, Татарстан 130-дан астам елмен байланыс орнатып, халықаралық ынтымақтастығын жалғастыруда. Соңғы бір жылда осы елдің тауар айналымы 10 пайызға, экспорт 18 пайызға өскен.
Татарстанның Индустрия және сауда министрі қазіргі уақытта Үндістан, Вьетнам, Қытай, Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Беларусь және Түркіменстанға іскерлік миссиялар жоспарланғанын айтты.
Коробченко: “Қазанда өткен БРИКС саммиті Азия елдерімен ынтымақтастықты дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашты. Атап айтқанда, Үндістанмен өзара іс-қимыл белсенді түрде басталды”, — деді.
Министр перспективалы бағыттар арасынан Үндістаннан мамандарды тартуды, келісім-шарттық базаны нығайтуды, фармацевтика, ақпараттық технологиялар саласындағы бірлескен жобаларды және автокомпоненттерді сатып алуды атады.


















