Иран сионистік режимнің Катар мен ХАМАС басшыларына жасаған әуе шабуылын қатаң айыптады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақайи мәлім етті.
Бақайи: “Сионистік режимнің бұл қылмыстық әрекеті оның барлық халықаралық нормалар мен ережелерді бұзып жасаған қылмыстарының жалғасы болып табылады. Бұл барлық халықаралық заңдар мен ережелерді өрескел бұзу, Катардың ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзу және палестиналық келісімгерлерге жасалған қылмыстық әрекет”, — деді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілінің айтуынша, Иран болған оқиғаны мұқият зерттеуде.
Бақайи Катар Үкіметі мен халқына ынтымақтастық пен қолдау білдіріп, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі, Ислам ынтымақтастығы ұйымы және басқа да құзырлы халықаралық мекемелердің сионистік режимнің қатыгез басқыншылығына назар аударуы қажеттігін қуаттап, халықаралық қауымдастықтар мен аймақ елдерін сионистік режимнің мұндай әрекеттерін тоқтатуға шақырды.
Айта кетейік, кеше, 9 қыркүйек күні Израиль Дохада палестиналық ХАМАС қозғалысының жоғары лауазымды мүшелерін нысанаға алып, Катарға шабуыл жасады.


















