Тегеран – Махачкала арасындағы әуе қатынасы қалпына келтіріліп, екі қала бағыты бойынша алғашқы чартерлік рейс сейсенбі күні орындалды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Дағыстан Республикасының Тегерандағы өкілі Андрей Танаев кеше, сейсенбі күні РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Андрей Танаевтың айтуы бойынша, алдын ала келісім бойынша сыйымдылығы 30 адам болатын шағын жолаушылар ұшағы алдағы екі айда аптасына бір рет «Тегеран – Махачкала – Тегеран” бағыты бойынша жолаушылар мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау үшін тұрақты рейстерді орындайтын болады.
Дағыстан Республикасының Тегерандағы өкілінің айтуы бойынша, рейс “Солтүстік-Оңтүстік” халықаралық көлік дәлізі аясында жүзеге асырылды.
Андрей Танаев аймақ басшысының тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта Иранның солтүстігіндегі Гилан провинциясының Рашт қаласы мен Махачкала арасында әуе рейстерін ашуға дайындық жүріп жатқанын айтты.
Тегеран – Махачкала арасындағы алғашқы рейсте экономика және көлік саласындағы ирандық делегация болған.
Танаевтың айтуынша, ирандық делегация Дағыстан Республикасының басшысымен кездесіп, облыс порттарын аралап, туризм, өнеркәсіп және спорт мәселелері бойынша арнайы кездесулерге қатысуды жоспарлап отыр.



















