22-28 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында IV Азия Пара ойындары өтеді.
Азия пара ойындарының ашылу салтанаты 22 қазанда Ханчжоу олимпиадалық спорт орталығының стадионында өтеді.
4 жылда бір рет өткізілетін жарыста спорттың 22 түрінен 564 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Байрақты бәсекеге Қазақстан атынан 131 спортшы қатысады, олар 14 спорт түрінен 485 медаль жиынтығы үшін таласады.
Қазақстаннан келген спортшылар пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, пара нысана көздеу, пара таеквондо, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара дзюдо, пара каноэ, пара ескек есу, пара садақ ату, пара велоспорт, волейболды отырып ойнау, бочча және шахмат сияқты жарыстарға қатысады.
Атлеттеріміз спорттың пара таеквондо, пара велоспорт, пара каноэ, пара ескек есу және бочча түрінен Азия пара ойындарында алғаш рет өнер көрсетеді.



















