18 сәуірде Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, индустрия және сауда министрі Лазиз Кудратов «Орталық Азия – Қытай» сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне жауапты министрлердің бірінші отырысына бейнеконференция форматында қатысты.
ӨР Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің мәліметіне сәйкес, конференцияда Орталық Азия өңірі елдері мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.
Лазиз Кудратов ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында Өзбекстанда бизнес-қоғамдастық арасындағы серіктестікті нығайту және жаңа өсу нүктелерін анықтау мақсатында Орталық Азия елдері мен Қытай өңірлері басшыларының форумын өткізу туралы ұсыныс жасады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы өнеркәсіп, инвестиция, экономика және сауда салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бағытталған іс-қимылды жалғастыру ниетін бірауыздан растады.



















