Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Газа секторының денсаулық сақтау жүйесі құлдырау алдында тұрғанын ескертті.
Евразия Тудейдің AlJazeera агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша Тедрос Адханом Гебрейесус Газа секторындағы ауруханалардың жағдайы өте қиын екенін мәлімдеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры бейсенбі күні Газа секторындағы 36 аурухананың тек 10-ы ғана ішінара жұмыс істейтінін айтты.
Тедрос Адханом Гебрейесус Газа секторының денсаулық сақтау жүйесі әрең жұмыс істеп жатқанын ескертіп, Израильдің Газа секторындағы ауруханаларға жасаған шабуылдарын дереу тоқтатуға және медицина қызметкерлерін, науқастарды және бейбіт тұрғындарды қорғауға шақырды.
Тедрос Адханом Гебрейесус бұған дейін Хан Юнистегі әл-Амал ауруханасына жасалған шабуыл, аурухана қызметкерлері мен науқастардың қамауға алынуы және оған келтірілген залалдар туралы хабарламалар қатты алаңдаушылық туғызатынын айтқан болатын.




















