Астанада өткен кездесуде Қазақстан мен Иран қорғаныс министрлері екі ел арасындағы қорғаныс саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобын құру қажеттігін баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, кеше, сәуірдің 26 күні ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволары басшыларының кеңесі аясында Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Иран Ислам Республикасының қорғаныс министрі генерал-майор Аштиани Мохаммад Реза Караимен кездесті.
Тараптар қорғаныс саласындағы әлеуетті арттыруға және екі елдің осы саладағы ынтымақтастығын дамытуға дайындығын қуаттады.
Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволары басшыларының кеңесіне Иран Ислам Республикасының алғаш рет қатысуымен Иранның қорғаныс министрі генерал-майор Аштиани Мохаммад Резаны құттықтап: «Иранның бұл ұйымдағы құзыры ұйымның бағдарламалары мен миссияларын нығайтып, ілгерілетеді» деді.
Тараптар сонымен қатар 2023 жылғы маусымнан бастап Қазақстан төрағалық ететін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы форматындағы іс-шараларға Иран Қарулы күштері өкілдерінің қатысуы жөнінде пікір алмасты.
Иран Ислам Республикасының Қорғаныс министрі бригада генералы Амир Аштиани екі елдің қорғаныс саласындағы қазіргі ынтымақтастығының дайындық және әскери медицина салаларындағы кейбір аспектілерін еске салып, осы ынтымақтастықты кеңейтуге шақырды.
Кездесуде Иранның қорғаныс саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге толық дайын екендігі айтылды.
Кездесудің соңында Иран мен Қазақстанның қорғаныс министрлері екі ел арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру және ілгерілету үшін жұмыс тобын құруды қуаттады.
Иран Ислам Республикасы өткен жылы ШЫҰ-ға мүшелік рәсімдерін аяқтады. Сондықтан қорғаныс ведомстволары басшыларының осы кеңесінде толыққанды қатысушы ретінде әрекет ететінін айта кету керек.
Еске салайық, 26 сәуірде Астанаға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесіне қатысушылар келді.
Еуразия Тудейдің Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы шеңберінде өткізілетін іс-шараға Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының басшылары қатысып отыр.



















