Бүгін, бейсенбі, наурыздың 21 күні Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандагар қаласында жарылыс болды.
Ауғанстанның жергілікті БАҚ хабарлауы бойынша жарылыс бүгін, жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 9:00-де Жаңа Кабул банкінің бөлімшесінде орын алды.
Hashte sobh газетіндегі мәліметке сәйкес, жарылыс Талибан мүшелері Қандагар полициясының штаб-пәтері жанында орналасқан банк бөлімшесіне жалақыларын алу үшін келген кезде кезде болған.
«Tolo News» агенттігі Талибан үкіметі Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Абдул Матин Кейннің оқиғаны растағанын жазды.
Иранның ақпарат құралы Тасним агенттігінің хабарлауынша, оқиға салдарынан кемінде 19 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жараланған. Жаралылар Мирвис ауруханасына жеткізілген.
Әзірше жарылыстың мән-жайы туралы ешқандай мәлімет жоқ. Жарылыс жауапкершілігін ешбір топ мойнына алған жоқ.



















