Иран СІМ баспасөз хатшысы Насер Канани сионистік режимнің Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах шекаралық аймағына жасаған шабуылын қатаң айыптады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Насер Канани барлық халықаралық ескертулер мен халықаралық қауымдастықтың қарсылығына қарамастан, бұл аймаққа жасалған шабуыл ешбір халықаралық нормаларды ұстанбайтын режимнің жауыздығын көрсетеді деп мәлімдеді.
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «Біз бұған дейін де аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздіктің кілті Газа секторы мен Батыс жағалаудағы Палестинаның мазлұм халқына қарсы соғысты дереу және сөзсіз тоқтату екенін бірнеше мәрте айттық. Осы мақсатта барлық халықаралық күштер сионистік режимге қарсы қысым жасауы керек», деді.
Канани сөзінің жалғасында, жалғасып жатқан қылмыстар мен қантөгістер, әсіресе Рафах аймағындағы жағдай үшін жауапкершілік сионистік режим мен оның негізгі жақтаушысы АҚШ үкіметінің мойнында екенін және бұл қылмыскерлер өз қылмыстары үшін жауапқа тартылуы керек екенін баса айтты.
Иран СІМ баспасөз хатшысы Иран Ислам Республикасының халықаралық құқықтық және сот институттарынан сионистік апартеид режимі билігінің адамзатқа қарсы қылмыстарымен күресу процесін жеделдетуге және оларды сот отырысына жақырып, жазалауды тағы бір мәрте сұрайтынын айтты.



















