Иран СІМ ұшақ апатына байланысты бірнеше елге көңіл айтты.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран СІМ өкілі Исмаил Бақайи “Баку-Грозный” бағытындағы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты бірнеше елге көңіл айтты.
Бақайи: “Біз Әзірбайжанға, Ресейге, Қазақстанға, Қырғызстанға және қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамыз. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз”, — деді.
“Баку-Грозный” бағытындағы Embraer 190 жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайынан 3 шақырым жерде апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам болған, оның 37-сі Әзірбайжан азаматы.



















