Франция Мәскеу түбіндегі Крокус Сити Холлда ұйымдастырылған лаңкестік әрекеттен кейін виджипират позициясын жоғары деңгейге көтерді.
Евразия Тудейдің France 24 телеарнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Мәскеудегі лаңкестік әрекеттен кейін Франция президенті Эмманюэль Макрон Елисей сарайында Қорғаныс және қауіпсіздік кеңесін шақырған.
Франция премьер-министрі Габриэль Атталь Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында ДАИШ лаңкестік тобының Мәскеудегі шабуылынан кейін кеңес лаңкестік қауіп деңгейін ең жоғары деңгейге дейін көтеру туралы шешім қабылдағанын жазды.
Францияда қабылданған виджипират лаңкестік қауіптің алдын алудың бес деңгейін қамтиды. Виджипират қауіп күтілмеген кезден бастап, елде бір-бірімен байланысты бірнеше лаңкестік актілердің қаупін болжайды.
Виджипират — Францияның лаңкестік қауіп деңгейі туралы дабыл қағатын Ұлттық хабарлау жүйесі.
Жүйені 1978 жылы ел президенті Валери Жискар д ‘ Эстен құрды. Содан бері виджипират 1995, 2000 және 2004 жылдары жаңартылды. Жүйе лаңкестік қауіп деңгейін ақ, сары, қызғылт сары, қызыл және күлгін түстер арқылы анықтайды.



















