Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің орынбасары Эндрю Митчелл Израильдің Рафахқа жасаған шабуылы халықаралық құқықты бұзу болып табылатынын мәлімдеді.
Бұл жөнінде Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің орынбасары Эндрю Митчеллдің мәлімдемесіне сілтеме жасап The Guardian басылымы хабарлайды.
Басылым мәліметінше, Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің орынбасары Израильдің Рафахқа толық ауқымды шабуылы жалғасқан жағдайда Лондонның әрекеті қалай болатыны жөнінде айтудан бас тартқан.
Ұлыбритания үкіметінің АҚШ-пен келісімі сионистік режим кабинетінің нұсқаларын шектеуді мақсат етеді. Бұл ретте режим Хамас мақұлдаған үш кезеңді бейбітшілік келісімін қабылдауға міндетті.
Басылым жазғандай, Ұлыбритания елінің ұстанымы тұрақты және ұзақ мерзімді атысты тоқтату және Хамастың болашақ Газаны басқаруындағы рөліне жол бермеу екенін алға тартады.
Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің орынбасары Эндрю Митчеллдің айтуы бойынша, Израильдің Рафахқа басып кіру Хамастың әлсіреуіне емес, керісінше күшеюіне әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар Эндрю Митчелл Газа секторындағы Ұлыбритания ұстанымы тұрақты атысты тоқтату екенін баса айтты.
Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің орынбасары бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш атап өткендей сионистік режимнен Газаға гуманитарлық көмек жіберуде тосқауыл қоюды тоқтатуды ашық түрде сұрады.
Антониу Гутерриш сейсенбі күні шұғыл көмек жеткізу үшін Газа өткелін қайта ашуға шақырып, Израильді кез келген шиеленісті тоқтатуға шақырған болатын.
Еуразия Тудейдің мәлімдеуінше, дүйсенбі күні сионистік режим барлық халықаралық ескертулер мен халықаралық қауымдастықтың қарсылығына қарамастан Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах шекаралық аймағына шабуыл жасады.
Шабуыл Хамас Мысыр мен Қатар арасындағы атысты тоқтату туралы ұсынысты қабылдағанын жариялағаннан бірнеше сағат өткен соң басталды. Израиль тарапы болса бұл ұсыныстың осы режимнің негізгі талаптарына сай келмейтінін алға тартты.
Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Хамастың ұсынысы режимнің талаптарына сәйкес еместігін алға тартып: «Біз Хамастың әскери мүмкіндіктерін қалпына келтіруге жол бермейміз. Израиль Хамастың Газа секторын басқаруына жол бермейді», деп мәлімдеді.



















