Жыл сайын 31 мамырда бүкіл әлем жұртшылығы дүниежүзілік темекісіз күнді атап өтеді. Мұндай күнді ДДҰ 1988 жылы ресми түрде жариялаған.
Бұл күн барлық елдердегі адамдардың назарын денсаулыққа үлкен зиян келтіретін және өлім мен ауруларға әкелетін темекі шегу мәселесіне арналған.
Жыл сайын бұл күні түрлі іс-шаралар өткізіледі, атап айтқанда ашық есік күндері, акциялар, конференциялар, дәрістер мен көрмелер және темекі шегуден бас тартуды насихаттауға бағытталған челлендждер.
Темекі шегу, сондай-ақ балалардың арасында электрондық темекіні пайдалану олардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.
Темекі шегетін балаларда өкпе қызметі жиі төмендейді, оның салдары ересек жастағы созылмалы респираторлық аурулар болып табылады.
Балалардың денсаулығына елеулі қауіп электрондық темекі сұйықтығының әсерінен болады.
Темекі шегу терінің, тырнақтың, шаштың жағдайын нашарлатады, тістерді бұзады, ауыздан, киімнен жағымсыз иіске әкеледі. Темекі шегу өкпенің қатерлі ісігі, инфаркт сияқты аурулардың дамуымен тікелей байланысты.



















