Әзірбайжан халқының саны 2023 жылғы 1 тамыздағы соңғы санақ нәтижелері бойынша 10 157 406 адамға жетті.
Бұл туралы Әзірбайжанның Мемлекеттік статистика комитеті хабарлады.
Халықтың жартысынан астамы яғни, 54,6 пайызы қалада және 45,4 пайызы ауылда тұрады.
Комитеттің мәліметінше, Әзірбайжан халқының жалпы санының ерлер үлесі 49,8 пайызды, ал әйелдер үлесі 50,2 пайызды құрайды.
Анықтама: Закавказьеде орналасқан Әзірбайжан елі дәмді тағамның, бұрын-соңды болмаған қонақжайлылықтың және бай тарихтың отаны болып табылады. 1991 жылдың 30 тамызында Әзірбайжан Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс сессиясында Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін қайтару туралы Декларация қабылданды. Осы сәттен бастап Әзірбайжан мемлекеттік дербестікке ие болып, 18 қазанда ұлттық Тәуелсіздік күнін атап өту бекітілді.
1918 жылы Әзірбайжан Республикасы бүкіл мұсылман әлеміндегі алғашқы зайырлы демократиялық мемлекет болды.



















