2023 жылғы еркін күрестен әлем чемпионатының нәтижесі бойынша Иранның ұлттық еркін күрес командасы екінші орынға ие болды.
Ирандық балуандар Амир Хоссейн Аббас Заре мен Амир Мирзазаде Сербияның Белград қаласында өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
125 келі салмақта сынға түскен Амир Хоссейн Аббас Заре грузин Гено Петриашвилиді 11:0 есебімен жеңіп, екі дүркін әлем чемпионы атанды.
Сонымен қатар 130 келі салмақта Амир Мирзазаде әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, күміс және Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Түркиядан келген Реза Каялепті 2:2 есебімен жеңіп, алтыннан алқа тағынды.
Сонымен қатар Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатының финалдық белдесулерінде 82 келі салмақта Алиреза Мехмеди күміс және 55 келі салмақта Пуя Дад-Марз қола жүлдені жеңіп алды.
















