Өзбекстан мен БАӘ Ішкі істер министрлері екі ел арасында жүргізуші куәліктерін өзара тану және алмасу туралы түсіністік меморандумына қол қойды.
Түсіністік меморандумына Өзбекстан Республикасының Ішкі Істер министрі генерал-лейтенант Пулат Бобожонов Абу-Дабиде БАӘ Премьер-министрінің орынбасары – Ішкі істер министрі, генерал-лейтенант шейх Саиф бен Заид Әл Нахаянмен кездесуде «Өзбекстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері Үкіметі арасындағы жүргізуші куәліктерін өзара тану және алмасу туралы» өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Осы өзара түсіністік туралы меморандум күшіне енгеннен кейін екі елдің азаматтары бір-бірі елінің аумағына барған кезде (ұзақ мерзімді тұруға келгендерді қоспағанда) ұлттық жүргізуші куәлігімен көлік құралдарын басқару құқығына ие болады.
Сондай-ақ БАӘ резиденті болып табылатын (ұзақ мерзімді тұру құқығын алған) және ұлттық жүргізуші куәлігі бар Өзбекстан азаматтары рұқсат алу кезінде тиісті теориялық және практикалық сынақтарды тапсырудан босатылады.
Құжат 2024 жылдың 27 қаңтарында күшіне енеді деп жоспарлануда.
Айта кетейік, Өзбекстан Ішкі істер министрі генерал-лейтенант Пулат Бобожонов бастаған делегация Біріккен Араб Әмірліктерінің Ішкі істер министрлігімен ынтымақтастық қарым-қатынастарын дамыту мәселелерін талқылау үшін осы елге жұмыс сапарымен келді.
Дереккөзі: ӨР ІІМ Халықаралық ынтымақтастық департаменті



















