Бүгін, 12 желтоқсанда Катар астанасы Дохада Өзбекстан Республикасы Елшілігінің ашылу салтанаты өтті.
Бұл туралы Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Телеграм арнасында хабарлады.
Осы мәліметке сәйкес, екі ел басшылары белгілеген жоғары динамиканың арқасында Өзбекстан-Катар қарым-қатынасы бұрын-соңды болмаған деңгейде дамып келеді.
Ташкентте Катардың дипломатиялық өкілдігі мамыр айында ашылды.
Өзбекстан СІМ Саидов ашылған елшіліктердің екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға қызмет ететінін сөзсіз деп бағалады.
Айта кетейік, екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 25 жыл бұрын орнатылғанымен, Катар Мемлекетінің Әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Тани биыл 5-6 маусымда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Өзбекстанға алғаш рет мемлекеттік сапармен келді.
Өзбекстан маусым айында Катар азаматтары үшін визасыз режим енгізді. Катар да Өзбекстан азаматтары үшін қазан айында осындай жағдай жасады.



















