Иран президенті Ибраһим Раиси Илһам Әлиевті 7 ақпан күні кезектен тыс өткен президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
Бұл туралы Иран Ислам Республикасының Әзірбайжандағы Елшілігі хабарлайды.
Иранның Бакудегі Елшілігінің мәліметінше, Ибраһим Раиси Илһам Әлиевті Әзірбайжан президенті болып қайта сайлануымен шын жүректен құттықтап, екі ел арасындағы қалыптасқан достық және бауырластық қарым-қатынастың нығая түсетініне сенім білдірген.
Ибраһим Раиси құттықтау хатында сайлаудың тұңғыш рет ел аумағын толық қамтып өтуін маңызды деп атады.
Иран президенті Илһам Әлиевке зор денсаулық пен табыс, ал бауырлас Әзірбайжан халқына бақыт пен қайырлы күндер тіледі.
Сондай-ақ, Иран Ислам Республикасының Әзірбайжандағы Елшілігі де Илһам Әлиевті президенттік сайлаудың сәтті өтуімен және ел президенті болып қайта сайлануымен құттықтады.



















