Аймақтағы шиеленіске байланысты Иранның ядролық нысандарынан уақытша шығарылған АҚХА инспекторлары бұл жердегі өз міндеттеріне оралды.
Бұл туралы Еуразия Тудей Ресей Федерациясының Венадағы халықаралық ұйымдардағы өкілі Михаил Ульяновтың Телеграм арнасындағы жазбасына сілтеме жасап хабарлады.
АҚХА басшысы Рафаэль Гросси БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөз сөйледі. Рафаэль Гроссиге журналистер «Агенттік 14 сәуірге қараған түні Иранның Израиль аумағына жасаған соққыларына жауап ретінде Израильдің Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасау мүмкіндігін қарастырып жатыр ма?» деген сұрақ қойды.
Гросси: «Біз әрқашан бұл мүмкіндікке алаңдаймыз. Мен Ирандағы біздің инспекторларға Иран үкіметі 14 сәуірдегі жағдай бойынша біз күнделікті тексеретін барлық ядролық нысан қауіпсіздік мақсатында жабылғанын хабарлады деп айта аламын», — деп жауап берді.
Сондай-ақ, Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттіктің басшысы Рафаэль Гроссидің бірнеше апта ішінде Иранға осы елдің байытылған уранның үлкен көлеміне ие болу мәселесін талқылау үшін Теһранға баратыны белгілі болды.



















