Ливандық «Хезболла» ұйымы өкілінің бірі Сейед Ибраһим Раисиді танымал, революционер және аймақтың барлық елдерімен достық қарым-қатынас орната алған тұлға ретінде сипаттады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, «Хезболла» өкілі Хусейн Рахал сәрсенбі күні кешке Иранның әртүрлі қалаларында өткен Ибраһим Раисиді жерлеу рәсімі туралы тоқталып: «Біз марқұм Ибраһим Раисиді жерлеу рәсіміне жүз мыңдаған адамның қатысқанына куә болдық. Бұл ел басшысын жерлеу рәсімінде сирек кездеседі», деді.
Хусейн Рахал сөзінде «Иран ұлты Раиси және оның серіктерімен жүрегі жараланған күйде қоштасты және бұл олардың революция жетекшісін қалай жақсы көретінін және Ибраһим Раисиге деген адалдығын білдіреді», деп қосты.
Рахал Ибраһим Раисидің 2018 жылы Ливанға сапарын есіне алып, сол кезде оның исламдық қарсыласу күрескерлеріне деген махаббаты мен сүйіспеншілігін көргенін айтты.
Ол: «Мен сионистік режимге қарсы исламдық қарсылықты қолдаған марқұм Ибраһим Раисиді бағалаймын. Біз Иран Ислам Республикасының Ливанға көрсеткен қолдауы арқасында өзімізді қауіпсіз және күшті сезінеміз», — деп баса айтты.
Рахал Раисиді революциялық және халықаралық қайраткер ретінде сипаттады.
«Хезболла» ұйымының өкілі сөзін қорытындылай келе, марқұм Раиси аймақтың барлық елдерімен достық қарым-қатынас орната алғанын тілге тиек етті.



















