Франция Президенті Эммануэль Макрон Франциядағы Еуропарламент сайлауында «Ұлттық бірлестік» оңшыл партиясының жеңісінен кейін Ұлттық Ассамблеяның таратылатынын жариялады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Макрон партиясы сайлауда 15,2 пайыз дауыс жинап, жеңіліске ұшырады.
Еуропарламент сайлауында дауыс берудің алдын ала нәтижелері Францияның оңшыл партиясының айтарлықтай жетістіктерге жетіп, Макрон партиясынан екі есе көп дауыс жинағанын көрсетеді.
Францияда Марин ле Пен бастаған оңшылдар озып тұр.
Ұлттық Ассамблеяның таратылатынын жариялаған Франция Президенті Эммануэль Макрон: «Еуропарламент сайлауының нәтижелері менің үкіметім үшін пайда әкелмейді, ал күшейіп келе жатқан ұлтшылдар Францияға және Еуропаға қауіп төндіреді», — деді.
Франция Президентінің мәлімдеуінше, Ұлттық Ассамблея сайлауының бірінші туры 30 маусымда, ал екіншісі 7 шілдеде өтеді.
Еуропалық Одаққа мүше 21 мемлекетте 350 миллион адам дауыс берген Еуропарламент сайлауы жексенбі күні өтті.



















