Иран Сыртқы істер министрінің аға кеңесшісі Әли Асғар Хаджи аймақтық державаларды Израиль режимінің, әсіресе Сириядағы экспансионисттік мақсаттары туралы ескертті.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің саяси істер бойынша аға кеңесшісі Әли Асғар Хаджи Сирия мәселесі бойынша келіссөздерінің 22-ші раунды аясында кеше, дүйсенбі күні Астана қаласында Түркия СІМ-нің Екіжақты саяси қатынастар жөніндегі бас директоры Мустафа Юрдакулмен кездесуінде айтты.
Әли Асғар Хаджи Израильдің Сириядағы және одан тыс жерлердегі экспансионистік мақсаттарына қарсы тұру үшін күшті стратегияны әзірлеу мақсатында аймақтық ынтымақтастықтың маңыздылығын баса айтты.
Түркия делегациясының басшысы өз кезегінде Израильдің Сирияға жасаған әуе шабуылының зардаптарына алаңдаушылық білдіріп, агрессияны тез арада тоқтатуға шақырды.
Иран Сыртқы істер министрінің аға кеңесшісі Әли Асғар Хаджи сонымен қатар Ресейдің Сирия бойынша арнайы өкілі, Астанадағы Сирия мәселесі бойынша Ресей келіссөздер тобының жетекшісі Александр Лаврентьевпен де жеке кездесіп, сөйлесті.



















