Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев пен Сербия Президенті Александр Вучич Ташкент қаласында өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша Бірлескен декларацияға қол қойды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, екі ел президенттерінің қатысуымен үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар топтамасына қол қою рәсімі де өтті.
Қол қойылған құжаттар арасында “Инвестицияларды өзара қолдау және қорғау туралы келісім”, “Экономикалық ынтымақтастық туралы келісім”, “Медициналық қызметтер саласындағы ынтымақтастық туралы келісім”, “Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім”, “Білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық туралы келісім”, “Инженерлік, озық технологиялар, жасанды интеллект және өзге де салалардағы ынтымақтастық туралы келісім”, “Дипломатиялық кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама”, “Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2026–2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы”, “Еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум”, “Спорт және дене шынықтыру саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама” және “Ташкент және Белград қалалары арасындағы серіктестік қатынас орнату туралы келісім” бар.
Айта кетейік, кеше, сейсенбі, 28 қазан күні Өзбекстанға ресми сапармен келген Сербия Президенті Александр Вучичті Шавкат Мирзиеев Көксарай резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды.




















