Бағдат Өзбекстан мен Ирак арасында тікелей әуе қатынасын жолға қою бағытында жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, көлік дәліздерін кеңейту жоспарлары Baghdad International Fair халықаралық көрмесі аясында Ирактың экономикалық консулдығы ұйымдастырған бейресми бизнес-диалог барысында белгілі болды.
Ирактың ресми өкілдері сауда-экономикалық байланысты нығайту стратегиясы аясында Өзбекстанмен тікелей әуе қатынасын ашу басым міндет екенін айтып, бұл Өзбекстан азаматтары мен кәсіпкерлері үшін визалық рәсімдерді едәуір жеңілдетумен қатар жүретінін айтты.
Бұл қадамдар экспорттаушылар мен инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған.
Кездесуге қатысушылар қазіргі таңда тікелей рейстердің болмауы іскерлік туризмнің дамуын тежеп тұрған басты фактор екенін баса айтты. Аталған бастамалардың жүзеге асырылуы бизнес үшін логистиканы жеңілдетіп қана қоймай, өзара тауар айналымының дамуына серпін беріп, Бағдад пен Ташкентті өңірлік нарықта бір-біріне қолжетімді серіктестерге айналдырады деп күтілуде.



















