Азия футбол конфедерациясының президенті шейх Салман бен Ибрагим әл-Халифа бүгін, 28 сәуірде Тәжікстанға жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Тәжікстан футбол конфедерациясы хабарлады.
Азия футболының басшысы жұмыс сапары барысында Тәжікстан футбол федерациясының басшылығымен ресми кездесулер өткізіп, елдегі футболды дамыту мәселелерін талқылайды.
2 мамырда Душанбедегі Hyatt Regency-де Орталық Азия футбол қауымдастығының 8-ші конгресі өтеді. Оған ФИФА президенті Джанни Инфантино мен АФК президенті шейх Салман бен Ибрахим әл-Халифа қатысады.



















