Қырғызстан құрамасы футзалдан әйелдер арасындағы CAFA чемпионатында Иран командасынан жеңіліп қалды.
Еуразия Тудейдің CAFA ұйымының әлеуметтік желіде жариялаған мәліметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Қырғызстан әйелдер құрамасы Душанбеде өткен Орталық Азия футбол қауымдастығы чемпионатының үшінші турында Иран құрамасынан жеңіліп қалды. Матч 0:10 есебімен аяқталды.
Мұның алдында Қырғызстан құрамасы Түркіменстаннан келген қарсыластарымен кездесіп, тең түсті. Сонымен қатар, Тәжікстан құрамасынан да мықты екендіктерін көрсетті. Енді 16 ақпанда Өзбекстан құрамасымен кездеседі.
CAFA 2025 чемпионатына Тәжікстан, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстан құрамалары қатысуда.
Айта кетейік, Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында 9-16 ақпан аралығында футзалдан әйелдер арасында Орталық Азия футбол қауымдастығының (CAFA) чемпионаты өтеді.
Бұл — футзалдан әйелдер арасындағы CAFA чемпионатының төртінші шығарылымы. Турнир алғаш рет 2022 жылы ұйымдастырылды. 2022 және 2024 жылдары CAFA чемпионаты Душанбе қаласында, ал 2023 жылы Өзбекстан астанасы Ташкентте өтті. Иранның әйелдер футзал құрамасы осы барлық турнирде жеңімпаз атанған болатын.




















