Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху соғыс пен ашаршылықты тоқтататын келісімге қол жеткізу жолындағы басты кедергі болып табылады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы палестиналық ХАМАС қарсыласу қозғалысының жоғары лауазымды өкілі Махмуд Мардави мәлімдеді.
Мардави: “Бениямин Нетаньяхудың араағайын барлық елдің күш-жігерін бұзудағы табанды ұмтылысы оның кез келген келісімге кедергі келтіріп отырғанын, өзінің саяси және жеке мүддесін жазықсыз адамдардың қаны мен тұтқындардың өмірінен жоғары қоятынын дәлелдеді”, — деді.
Мардави Нетаньяху араағайын елдердің ұсыныстарына жауап беруден әдейі тартынып, келісімге қол жеткізу үшін қандай да бір маңызды қадам жасаудан жалтарып отырғанын баса айтты.
ХАМАС өкілінің айтуынша, бұл оның тұтқындарды босатуды қаламайтынын, олардың өмірі мен аймақ болашағынан гөрі соғыс пен геноцидті жалғастыруды артық көретінін көрсетеді.
ХАМАС қозғалысы 18 тамызда Мысыр мен Катардың атысты тоқтату және тұтқындармен алмасу туралы ұсынысын қабылдағанын мәлімдеді. Алайда Израиль тарапы бұл жоспарға әлі ресми жауап берген жоқ.




















