Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі Тереза Рибейро Өзбекстанға келді.
Dunyo агенттігінің хабарлауынша, бес күндік сапар барысында Тереза Рибейро Өзбекстан үкіметі, министрліктері және ведомстволарымен екіжақты кездесулер өткізіп, келіссөздер жүргізеді.
Олар өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылайтын болады.
Сонымен қатар, ЕҚЫҰ өкілі республика аумақтарына да барады.
Айта кетсек, 13-15 қарашада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Тереза Рибейро Қазақстанға келді. Ұйым делегациясын Мәжіліс депутаттары – Асхат Аймағамбетов, Жанарбек Әшімжан, Никита Шаталов қарсы алған болатын. Кездесуде тараптар БАҚ туралы заң жобасын талқылады.



















