Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиян Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядқа ресми сапармен барды.
Амир Абдуллахиян Фейсал бен Фарханның ресми шақыруымен Эр-Риядқа ресми сапармен барды.
Амир Абдуллахиян сапар барысында Сауд Арабиясының басшыларымен кездесті.
Иран Сыртқы істер министрінің Сауд Арабиясына ресми сапары Эр-Риядтағы Иран елшісі қызметінің ресми түрде басталуымен тұспа-тұс келді.
Сауд Арабиясындағы Иран елшісі Әлиреза Инаяти өз миссиясын Иран Сыртқы істер министрінің Эр-Риядқа келуімен бір мезгілде ресми түрде бастады.
Еске сала кетсек, 2016 жылы Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынасқа сызат түскен еді. Оған Ирандағы Сауд елшілігіне жасалған шабуылдар себеп болды. Артынша Эр-Рияд Иранмен дипломатиялық қарым-қатынасын үзді. Араға жеті жыл салып, Иран мен Сауд Арабиясы дипломатиялық қарым-қатынасты жандандыруға келісті.
Екі мемлекет елшілер жіберіп, қайтадан өзара байланысты бекітті. Бұл уағдаластық Қытайдың ресми өкілдерінің арағайындығымен жүзеге асты.




















