Ирандық боксшы Әли Хабибинижад Астанада өтіп жатқан «Елорда кубогі» турнирінде қазақстандық боксшыны жеңіп, финалға өтті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Астанада дүйсенбі күні басталған бокстан «Елорда кубогы» халықаралық турниріне Иран атынан 6 спортшы қатысуда.
«Елорда кубогының» жартылай финалдық кездесулерінде Иранның үш боксшысы қарсыластарымен кездесті.
63,5 келі салмақта сынға түскен ирандық боксшы Әли Хабибинижад қазақстандық Жандос Қыдыралиевпен кездесіп, оны жеңді. Әли Хабибинижад финалда өзбекстандық Адхамжон Мухиддиновпен алтын медаль үшін таласады.
Ирандық боксшы Мейсам Қешлақи 80 келі салмақ дәрежесінде Азия ойындарының чемпионы қытайлық Тоқтарбек Танатқанмен жұдырықтасып, қола медальға қол жеткізді.
92 келі салмақта сынға түскен Әли Фатхи қазақстандық боксшы Сағындық Тоғамбаймен күш сынасып, қола жүлдегері атанды.
Сонымен қатар Даниал Шахбахш, Касру Тахмасеби және Рузбех Сафари сынды ирандық боксшылар Астанада өтіп жатқан «Елорда кубогі» турнирінде бақтарын сынады.
Иран боксшылары 23 мамыр мен 6 маусым аралығында Таиланд астанасында өтетін лицензиялық турнирге дайындалуда.
Бұл додада да жеңімпаз атанғандар Олимпиадаға жолдама алады.



















