Израильдің Газа секторын бомбалауынан тағы төрт журналист қаза тапты.
Anadolu агенттігінің хабарлауы бойынша, Израиль армиясының соққысынан Kur’an-I Kerim радиосының директоры Зейд Әбу Заид Газаның орталық бөлігіндегі Нусайрат босқындар лагерінде қаза тапты.
Kenan Media агенттігінде жұмыс істейтін Ясир Мемдух есімді журналист Газа секторындағы Хан Юнус қаласының маңында көз жұмды.
Сонымен қатар, Shell Media желісінің фототілшісі Мохаммед Раслан Шеньюра мен редакторы Махмуд Муштеха Газа қаласының Тель-эль-Хава ауданында қаза тапты.
2024 жылдың 17 ақпанындағы жағдай бойынша Газаға жасалған Израиль шабуылдарынан қаза тапқан БАҚ қызметкерлерінің саны 130-ға дейін өсті.
«Шекарасыз репортерлер» халықаралық ұйымы және Халықаралық журналистер федерациясы Газа-Израиль соғысында БАҚ қызметкерлерінің қаза табуын айыптады.
RSF жариялаған мәлімдемеге сәйкес, «Шекарасыз репортерлер» ұйымы мен Халықаралық журналистер федерациясының өкілдері Париждегі Араб әлемінің институтында кездесіп, Газадағы БАҚ қызметкерлерін қолдауға шақырды.
Палестина анклавының денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, Израильдің 7 қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында 28 985 палестиналық қаза тауып, тағы 68 883 адам жараланды.



















