Әл-Ақса мешітінің жұма имамы әрі басып алынған Құдстағы Ислам жоғары кеңесінің басшысы шейх Акраме Сабри Tasnim ақпарат агенттігіне берген сұхбатта сионистік режим әскерилерінің өткен екі күнде қасиетті мешітке жасаған шабуылдары мен ғибадат жасаушыларға көрсеткен құрметсіздіктерінің егжей-тегжейін баяндады.
Шейх Акраме Сабри Әл-Ақса мешітінде соңғы екі күнде болған оқиғаларға тоқталып, Ислам әлемі мен араб елдерінен Құдс басқыншы режимінің агрессиясына қарсы реакция білдіріп, әрекет жасауды сұрады.
Tasnim: Сионистік режимнің әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылы туралы айтып беріңізші?
Шейх Акраме Сабри: Аса Мейірімді, Рахымды Аллаһтың атымен. Кеше намаз кезінде болған оқиға барша айыптайтын әрекет болды. Өйткені басқыншы режимнің сарбаздары әл-Ақса мешіті мен оның аумағына басып-кіріп, ғибадат етіп жатқандардың шырқын бұзды. Басқыншы режимнің сарбаздары әл-Ақса мешітінен құлшылық етушілерді шығару үшін ерлер мен әйелдерге күш көрсетіп, әлімжеттік жасады. Бұл — басқыншылардың әл-Ақса мешітіне деген агрессиясының шегі жоқ деген сөз. Биылғы Рамазан айында болып жатқан оқиғалар өткен жылғы Рамазандағы және оның алдынғы жылдардағы оқиғаларды еске түсіреді. Біз бұл әрекеттерді әл-Ақса мешітінде оларға ешқандай құқық бермейтін агрессивті және дұшпандық әрекеттер деп санаймыз.
Tasnim: Осы басқыншылықтардың қатері туралы айтыңызшы. Әсіресе басқыншылықтың еврейлердің Песах мейрамының алғашқы күні басталуымен тұспа-тұс келуі басқыншы режимнің қандай мақсатты көздейтінін білдіреді?
Шейх Аакраме Сабри: Иә, басқыншы режим сарбаздарының құлшылық етушілерге жасаған агрессиясы еврейлердің Песах мейрамының басталуымен бір мезгілде келді. Олар бұл әрекеттерімен мұсылмандарды әл-Ақса мешітінен шығарып, осы мешіт пен оның аумағында экстремист еврейлердің орналасуына негіз дайындағысы келеді. Біз мұны арандатушылық, қисынсыз және адамгершілікке жатпайтын әрекеттер деп санаймыз. Еврейлер егер ғибадат жасағысы келсе, оны әл-Ақса мешітінің ішінде емес, сыртында жасай алады деп есептейміз.
Tasnim: Әл-Ақса мешітінде болып жатқан оқиғаларға байланысты ислам әлемі мен араб әлеміне қандай жолдау айтасыз?
Шейх Акраме Сабри: Барша мұсылмандар мен арабтарға айтарымыз мынадай: Соңғы екі күнде басқыншы режим сарбаздарының әл-Ақса мешітінде жасаған әрекеттеріне куә болдыңыздар ма? Бұған қатысты сіздердің ұстанымдарыңыз қандай? Әл-Ақса мешітінің біздің баршамыздың сенімдеріміздің бір бөлігі екенін білмейсіздер ме? Әл-Ақса мешітінің тек палестиналықтарға ғана емес, бүкіл әлем мұсылмандарына тиесілі екенін білмейсіздер бе? Әл-Ақса мешіті — сендердің қолдарыңдағы аманат; әл-Ақса мешіті — сендердің имандарың мен сенімдеріңнің бір бөлшегі. Құдс пен әл-Ақса мешіті жолында аянып қалғандарды Алла Тағала жауапқа тартады.



















