Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Амал күнімен құттықтады.
Ақорданың хабарлауынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықты наурыздың 14 – Амал күнімен құттықтады.
Президент Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында: «Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін!» – деп жазды.
Айта кетейік, наурыздың 14 Қазақстанда Амал күні-Көрісу күні деп аталады. Бұл күн көктем мен Наурыз мерекесінің хабаршысы саналады. Осы күні адамдар бір-бірін жылы жүзбен қарсы алып, қол беріп, қол алысып, бір-бірін құшақтап, ер адамдар төс қағысып амандасады.



















