Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 21 желтоқсан күні Өзбекстанға ресми сапармен келген Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевты қабылдады.
Кездесу барысында Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы достық, тату көршілік және кең ауқымды стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі нығайту, оларды нақты мазмұнмен байыту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар кездесуде тараптар белсенді саяси диалогты жалғастырудың және басым бағдарламалар мен жобаларды, соның ішінде Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолының құрылысын жеделдетудің маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.



















