15 мамырда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Қауымдар палатасының Сыртқы істер комитетінің төрағасы Алисия Кирнс бастаған Британия парламентінің делегациясымен кездесті.
Өзбекстан СІМ хабарлауы бойынша тараптар Өзбекстан-Британия саяси-дипломатиялық диалогын кеңейту, парламенттік дипломатияны жандандыру, халықаралық аренада сындарлы өзара іс-қимылды қолдау жөнінде пікір алмасты. Келіссөздерде сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, тауар айналымының көлемін ұлғайту мәселелері талқыланды. Тараптар мәдени-гуманитарлық байланысты арттыру бойынша бірлескен шараларды қабылдауға дайындықтарын баса айтты.



















