Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен 5-7 қазан күндері осы елге ресми сапармен барады.
Сапар бағдарламасына сәйкес, Мәскеу қаласында екі ел басшыларының келіссөздері өтеді.
Шавкат Мирзиеев пен Владимир Путиннің кездесуі барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, көші-қон және гуманитарлық салалардағы практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылады.
Шавкат Мирзиеев сапар барысында Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинмен де кездеседі.
Сондай-ақ Өзбекстан Президенті Татарстанға барып, республика төрағасы Рустам Миннихановпен келіссөздер өткізеді деп жоспарланған.



















