Кеше, 22 қыркүйекте Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев пен Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов телефон арқылы сұхбаттасты. Телефон арқылы сұхбат барысында Шавкат Мирзиеев Түркіменстан Президентін туған күнімен құттықтады.
Шавкат Мирзиеев түрікмен әріптесіне үлкен табыс, ал бауырлас түрікмен халқына амандық пен өркендеу тіледі.
Тараптар телефон арқылы әңгіме барысында екіжақты күн тәртібі мен өңірлік өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері төңірегінде пікір алмасты.
Екі елдің көшбасшылары сындарлы саяси диалог пен жемісті ведомствоаралық байланыстардың дамуын атап өтті.
Сондай-ақ қазан айында Өзбекстанда Түркіменстан мәдениет күндерін өткізу талқыланды.
Сонымен қатар Шавкат Мирзиеев Түркіменстан Президенті мен халқын алдағы ел Тәуелсіздігінің күнімен құттықтады.
Айта кетсек, 27 қыркүйек Түркіменстанның ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні.



















