Қазақстанның Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов Түркіменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Батыр Реджеппен кездесті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметі мәліметінше, кездесу барысында тараптар 2024 жылдың маусым айында Қазақстанда Түркіменстанның мәдени күндерін және осы жылы қазан айында Түркіменстанда Қазақстанның мәдени күндерін өткізу және соған дайындық барысы туралы пікір алмасты.
Түркіменстанда Қазақстанның мәдени күндері барысында Ашхабадта өнер көрмесі және қазақ киносының күндері өткізіледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ, мәдени іс-шарада әртістер мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.
Екі ел арасында Мәдени күндерін өткізу 2022 жылғы қазанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Түркіменстан Президенті Сердар Бердымухамедовтың Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында талқыланған болатын.



















