Ресей Президенті Владимир Путин алдағы апталарда ресми сапармен Солтүстік Кореяға баруды жоспарлап отыр.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Ведомости басылымына Солтүстік Кореядағы Ресей елшісі Александр Мацегора мәлімдеді.
Александр Мацегораның айтуы бойынша, қазіргі уақытта Владимир Путиннің Пхеньянға сапарына қызу дайындық жүріп жатыр.
Ведомости басылымының мәлімдеуінше, Владимир Путин Солтүстік Кореядан кейін Вьетнамға да баруды жоспарлап отыр.
Осы мәлімет бойынша, Ресей Президентінің екі сапары да маусым айында болады деп жоспарлануда.
Владимир Путиннің Пхеньянға сапары барысында Солтүстік Корея жұмысшыларын Ресейге жіберу мәселесі талқыланады деп күтілуде.
Бұл ретте Reuters агенттігі көптеген ер адамның майданға жіберілуіне байланысты Ресей экономикасы жұмыс күшінің тапшылығына тап болғанын айтады.
Ресей Украинадағы әскери шабуыл басталғаннан кейін өзінің ядролық бағдарламасына байланысты Солтүстік Кореямен ынтымақтастығын күшейтті.
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Ресейге 2023 жылдың қыркүйегінде пойызбен барған болатын. Сол кезде Ким Чен Ын Владимир Путинді Солтүстік Кореяға ресми сапармен келуге шақырды. Ресей Президенті оның шақыруын ризашылықпен қабыл алған болатын.
Бұл Владимир Путиннің Ресей Президенті қызметіне жаңа мерзімге кіріскеннен кейінгі төртінші және бесінші ресми шетелдік сапарлары болмақ. Путин бұған дейін ресми сапармен 16-17 мамырда Қытайға, 23-24 мамырда Беларусь еліне, 26-27 мамырда Өзбекстанға барды.



















