Қырғыз Республикасы Қарабақтағы оқиғаларға байланысты Әзірбайжан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын тағы да қолдайтынын білдірді.
Қырғыз Республикасы СІМ мәлімдеме жариялап: «Қарабақтағы оқиғаларға байланысты Қырғыз Республикасы Әзірбайжан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын тағы да қолдайтынын білдіреді. Халықаралық мойындалған шекаралардың мызғымастығын табанды түрде жақтай отырып, Қырғыз Республикасы барлық мәселелерді БҰҰ Жарғысына және халықаралық құқықтың негізгі принциптері мен нормаларына сәйкес саяси және дипломатиялық құралдар арқылы шешуге шақырады» деді.



















