Өзбекстан туристік қауіпсіздік бойынша Орталық Азиядағы ең үздік ел деп танылды. International SOS ұйымының мамандары жасаған қорытынды бойынша, интерактивті тәуекелдер картасына сәйкес, Өзбекстан қауіп деңгейі төмен елдер қатарына кірген.
Өзбекстанда зорлық-зомбылық, тәртіпсіздіктер мен лаңкестік әрекет деңгейі төмен, қауіпсіздік пен төтенше жағдайлар қызметі тиімді және инфрақұрылымы жақсы екендігі көрсетілген.
Туристерге қауіпсіздік және медициналық қызмет көрсетуге маманданған ұйым дерегінше, қауіп деңгейі орташа елдер тобына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан елдері кірген.
Ауғанстан, Украина, Ирак, Йемен, Ливия, Сомали және Оңтүстік Судан аса қауіпті елдер қатарына жатқызылған.
Айта кетсек, 2022 жылғы қыркүйек айындағы Global Peace Index рейтингінің нұсқасы бойынша да Өзбекстан Орталық Азиядағы ең қауіпсіз ел болып танылды



















