Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев 7 қарашада Катар Мемлекетінің бұрынғы Премьер-министрі, елдегі бірқатар ірі инвестициялық және өнеркәсіптік холдингтердің негізін қалаушы Хамад бен Джасим әл Таниді қабылдады.
ӨР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша Катар делегациясы Өзбекстанға келісімдерді жоғары деңгейде дамыту үшін келді.
Кездесуде тараптар Өзбекстанда перспективалы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысты мәселелерді қарады.
Сондай-ақ жоғарыда аталған жобаларды қаржылай қолдау мақсатында бірлескен қор құру жоспарлары да талқыланды.
Жобалар бірлескен жол картасы негізінде жүзеге асырылады.



















